Теңге бағамы туралы болжам жасалды

Қазақстанда теңге бағамының күрт құбылуы болмайды.

Бұл жөнінде журналистерге Премьер-министрдің орынбасары – Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев мәлімдеді. Төл теңгенің мәскеулік биржадағы сауда айналымы тарихи максимумына жеткені белгілі. Бұндай жағдай ұлттық валютаға қалай әсер етуі мүмкін екені де министрден сұралған болатын.

Ерұлан Жамаубаев, ҚР Премьер-министрінің орынбасары-қаржы министрі:

- Бізде теңгеге әсер ететін түрлі факторлар бар. Соның бірі рубль бағамы болуы мүмкін. Қазір өздеріңіз байқағандай, қатты өзгерістер болып жатқан жоқ. Соңғы кезде теңге тіпті доллар мен рубльге қарағанда күшейіп келеді.