Шымкентте келер жылдан бастап жылу бағасы арзандайды

Бұл туралы облыстық Табиғи монополияларды реттеу департаментінің өкілдері мәлімдеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл мақсатта шаһарды жылумен қамтамасыз ететін «Қуат жылу орталығына» 2 миллиард 356 миллион теңге субсидия бөлінді. Нәтижесінде қала тұрғындары мен жылу тұтынатын өзге де мекемелер қазіргі тарифтен 41,35% төмен ақы төлейді. Жаңадан белгіленген төлемақы келесі жылдың 1 қаңтарынан бастап жыл соңына дейін күшінде болады.