Саудагерлер отандық тауарларды қолдамай отыр

Дүкен иелері қазақстандық тауар өндірушілерін қолдамай отыр.

Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаевтың айтуынша, саудагерлер одан гөрі импорттық өнімді сатуға бейім. Өйткені шетелдік азық-түлік өндірушілері оларға қосымша ақша төлейді. Отандық кәсіпкерлерде ондай мүмкіндік жоқ. Осы орайда Сенат спикері министрлер кабинетінен осы мәселенің шешімін тауып, нақты әрекет етуін талап етті.