Төрт облыста тұрақтандыру қорын құруға бес млрд теңге бөлінеді

Қазақстанның 4 облысына Үкімет резервінен 5 млрд теңге бөлінеді.

Бұл қаржы Абай, Алматы, Жетісу және Ұлытау өңірлерінде азық-түлік тауарларының тұрақтандыру қорын құру үшін жұмсалады. Ал аталған облыстардың әкімдіктері бөлінген қаражаттың мақсатты пайдаланылуы жөніндегі есепті Ауыл шаруашылығы министрлігіне желтоқсанның 15-іне дейін тапсыруы қажет. Тиісті Үкімет қаулысы "Ашық нормативтік-құқықтық актілер" порталында жарияланды. Құжат желтоқсанның 1-іне дейін талқылаудан өтеді.