Екібастұздық зауыт Еуропаның қызығушылығын тудырды

Қазақстандағы бірегей пойыз бөлшектерін өндіретін екібастұздық Railways system KZ зауыты еуропалықтардың қызығушылығын туғызды.

Берлинде өткен әлемдегі ең ірі көлік-логистика көрмесінде сарапшылардың оң бағасын алды. Толығырақ келесі бейнематериалдан көресіздер.

Railways Systems KZ теміржол машина жасау кәсіпорындар қауымдастығы Берлинде өткен әлемдегі ең ірі «INNOTRANS 2022» көлік техникасы мен логистика көрмесіне қатысты. Онда ТМД-ға мүше елдердің өкілдері бас қосты. InnoTrans көрмесіне қатысу арқылы жаңа байланыстарды дамытуға мүмкіндік туды. Онда өндіріс орындары арасындағы ынтымақтастық перспективалары талқыланды. Бұл туралы жергілікті басылым ауқымды мақала жазды.  Қазақстандық тарап шетелдік серіктестермен Еуропалық нарыққа шығу мүмкіндіктері туралы келіссөздер жүргізді. Сондай-ақ Германия және Еуро Одақтың басқа да елдеріне шығу үшін дөңгелектерді сертификаттау мәселелерін талқылауға зор мүмкіндік туды. 

Сергей Павлингер, RAILWAYS SYSTEMS KZ қауымдастығының негізін қалаушы:

- Бұл жолы процесске қатысатын адамдардың саны азайды. Өйткені бұл кез келген типтегі өнімдерді микрон дәлдігімен шығара алатын форматтағы машиналар. Міне осы тұрғыдан бірегей деп айтуға болады. Бүгінде әлемде мұндай зауыт жоқ.

Railways Systems KZ елдегі ең ірі өнеркәсіптік кластердің бірі. Мұнда темір жол транспортына қажетті жабдықтарды шығарады. Өнімдер Қазақстанда және өзге де елдерге де жеткізіледі. Қауымдастық компаниялары еліміздегі үдемелі индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасының алғашқы қатысушылары. 2020 жылы кластер кәсіпорындар арасындағы логистикалық және өндірістік интеграцияны жақсарту мақсатында салалық өзара іс-қимылды күшейтуге мүмкіндік беретін жаңа форматта біріктіру туралы шешім қабылдады. Осылайша Railways Systems KZ қауымдастығы ауқымын кеңейте түсті.

Айнұр Қуатқызы

Сондай-ақ...