loader


СҚО-да биыл төлемнің 63% қолма-қол ақшасыз жасалған

Солтүстік Қазақстан облысында өткен тоғыз айда төлемдердің 63 проценті қолма - қол ақшасыз жасалған.

Ұлттық банктің жергілікті филиалы берген мәлімет бойынша қазір өңірде 1 млн 300 мыңнан аса төлем карточкасы тіркелген. Сонымен тұрғындар қалай есеп айырысқанды құп көреді?  

Петропавл қаласының тұрғыны Лариса Крупельникова үйіне азық - түлік алып жүр. Зейнеткер саудагерлермен қолма - қол есеп айырысады. «Бұл бұрыннан қалыптасып қалған әдетім», - дейді ол.   

Лариса Крупельникова, қала тұрғыны:

- Көбіне қолма - қол есептесемін. Бірақ зейнетақым карточкаға түседі. Маған осылай ыңғайлы. Ақшам әмиянымда жатады. 

Саудагерлерге де керегі сол. Олардың айтуынша, онлайн төлемдер 300 мың теңгеден асып кетсе банк процентін ұстап қалады. Тауар жеткізушілер де қолма – қол ақша талап ететін көрінеді.

Клара Жолымбетова, кәсіпкер:

- Әркім адам әртүрлі. Біреуіне удобно наличкамен, біреуіне удобно безналичка. Удобно бізге наличкамен. Неге десеңдер, яғни мынау товарды алғанда бізге наличкамен беру керек есеп. Есеп бергенде бізге безналичка алғысы келмейді. 

Биыл қазақстандықтар онлайн ақшаларын көбірек қағазға айналдыра бастаған. Ресми дерек бойынша қантар - қыркүйек айларында 14 трлн теңге шешілген. 

Айдарбек Айтмұхамбетұлы, Қуаныш Қазбеков

Сондай-ақ...