Тәуелсіз жұмыскерлер ресми еңбекпен қамтылғандар санатына жатқызылады

Елдегі тәуелсіз жұмыскерлер ресми еңбекпен қамтылғандар санатына жатқызылады.

Бұл топқа өз қызметін онлайн платформалар афер-тасына қосылу немесе жария шарт жасасу арқылы атқаратын азаматтар кіреді. Әлеуметтік кодекс жобасын таныстырған Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенованың түсіндіруінше, енді тәуелсіз жұмыскерлер жалдамалы қызмет-кер сияқты республикалық бюджеттен, мемлекеттік әлеуметтік қорлардан және сақтандыру компанияларынан әлеуметтік төлемдер алуға құқылы. Жұмыс беруші тарапынан тиісті ау-дарымдар болмаған жағдайда, оларға заңдарда белгіленген ең төменгі мемлекеттік кепілдіктер ғана беріледі.

Тамара Дүйсенова, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі:

- Мысалы, Яндекс такси онлайн платформасына қосылған такси жүргізушілері немесе Глобо онлайн платформасына қосылған курьерлер осы санаттағы жұмыскерердің қатарында кіргізіледі. Бұл жұмыскерлер үшін онлайн-платформалардың операторлары салық агенттіктері болып қаралып, арнаулы салық режимдеріне сәйкес жұмыскердің пайдасына салық төлемдері мен әлеуметтік жарналарды аударып отырады.

Сондай-ақ...