Ұлттық банк базалық мөлшерлемені көтерді

Ұлттық Банк базалық мөлшерлемені жылдық 16,75%-ға дейін көтерді.

Бұл шешімге  әлемдегі тұрақсыз геосаяси жағдай мен азық-түліктің қымбаттауы себеп болған. Бұл сыртқы факторлар. Ал ішкі экономикада жоғары инфляциялық күтімдер, сұраныс пен ұсыныстың тең болмауы және импорттың өсуі ескерілген. Бірақ Ұлттық банк базалық мөлшерлемені көтеру циклін аяқтауға жақындады. Оның қазіргі мәні жеткілікті деңгейде жоғары делінген хабарламада. Егер жаңа проинфляциялық күтпеген өзгерістер болмаса, ақша-несие саясатын одан әрі күшейту ықтималдығы төмен дейді мамандар.