«АрселорМиттал» компаниясы Қазақстанда жұмысын жалғастыруы екіталай

Теміртаудағы «АрселорМиттал» кәсіпорыны басшыларына қатысты қатаң шара қабылдануы мүмкін.

Тіпті мекеме  Қазақстанда жұмыс істей ме, жоқ па деген мәселе туындап отыр. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев осылай деді. Сондай-ақ ол Сенат қабырғасында аталмыш кәсіпорын жұмысшысының өліміне қатысты жақындарына қайғыра көңіл айтатынын жеткізді. Оның айтуынша, Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, Үкімет барлық сала бойынша бірнеше комиссия құрған. Және бұл тұрғыда «АрселорМиттал Теміртау» кәсіпорнының жұмысы талқыға салынады. Қазіргі таңда жұмысшы қазасына байланысты сотқа дейінгі тергеу басталды.