loader


Қостанай облысында сұйытылған газ талонмен сатылды

Бүгін Қостанай облысында сұйытылған газ талонмен сатылды.

Өйткені теміржолмен келетін бұл отынды қабылдайтын бекетте жүктеме көбейген. Сөйтіп газ құю станцияларына уақытылы жетпеген. Үш вагон екі күн қатарынан тұрып қалды. Енді газ құю бекеттері сатуды шектеген. Бірақ аймақта кезек байқалмады. Баға сол қалпы - 70 теңге. Ал мәселе бүгін-ертең шешіледі дейді облыстық энергетика басқармасының өкілдері осылай деді.

Алмат Ғапбасов, облыстық энергетика және ТҮКШ басқармасы басшысының орынбасары:

- Бізге желтоқсан айына бөлінген сұйытылған газдың көлемі 4326 тонна. Қолда бары 700 тоннаға тең. Ешқандай тапшылық жоқ. Темір жол бекетіндегі цистерналар бүгін толық босап, газ құю бекеттеріне жеткізіледі.

Сондай-ақ...