ШҚО-да кен орындарын барлау қарқынды жүріп жатыр

ШҚО-да кен орындарын барлау қарқынды жүріп жатыр

Шығыс Қазақстанда түрлі-түсті металл шығады-ау деген кен орындарына барлау жұмыстары қарқынды жүріп жатыр.

Басты міндет қоры мол кеніштерді анықтау. Алдағы 5-10 жылдан кейін  өңірдегі Орлов, Малеевск,Тишинск,Риддер Сокольное сынды ірі кен орындарындағы қазбалар таусылуы мүмкін деген ақпарат бар. Дегенмен бұл кен орындары жабылады,ел жұмыссыз қалады дегенді білдірмейді-дейді мамандар. Қазірден бастап жаңа базалар іздестіріліп, олардың болашағына болжам жасалып жатыр. 

Иран Шархан, ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі: 

- Шығыс Қазақстан өте бай табиғаты, жер асты байлықтары да қазіргі уақытта өте көп барлау жұмыстары жүргізіліп жатыр,Бірнеше жоспар бар мекемелерде,сол жоспар бойынша барлық қызметкерлер жұмыссыз қалмайды.Оны нақты айта аламын.