Еліміздегі жылу электр станцияларын жөндеуге 182 млрд теңге қажет

Еліміздегі жылу электр станцияларын жөндеуден өткізу үшін 182 миллиард теңге қажет.

Бұл туралы бүгін Энергетика министрі Болат Ақшолақов Үкімет отырысында мәлімдеді. Оның айтуынша, қолданыстағы тарифтер бұл жұмысты жүргізуге жетпейді. Қазір жөндеуді бастауға 93 миллиард теңге бар. Сонда тапшылық 82 миллиард теңгені құрап отыр. Мәселені шешу үшін айына бір мегаватт жылудың құнын 590 мыңнан 1-2 миллион теңгеге дейін ұлғайту көзделіп отыр,- деді министр. Сондай-ақ келешекте бұл салаға жыл сайын 400 миллиард теңге инвестиция тарту көзделген. Аталған жоспарлар жүзеге асса, 2035 жылға дейін энерго-жүйлердің қуаттылығын 15 процентке дейін арттыру мүмкін болады. Айта кетерлігі, бүгінде елдегі элетр желіллерінің тозуы шамамен 66 процентке тең. Шығыс Қазақстанда бұл көрсеткіш 81, ал Батыста 80 процентке жетіп қалды. 

Болат Ақшолақов, ҚР Энергетика министрі:

- Қазіргі уақытта электр стансаларының бекітілген тарифтері элеткр және жылу энергиясынан түсетін кірістер толыққанды жөндеулерді орындау үшін шығыстарды өтемейді. Жеткіліксіз қаржы сомасы 88 миллиард теңгені құрайды. Сондай-ақ электр қуатының дайындығын қолдау жөніндегі қызметке шекті тарифті айына 1 МВт үшін 590 мың теңгеден 2 млн.теңгеге дейін ұлғайту, кейіннен инфляция деңгейіне индекстеу қажет. 

Осы орайда Үкімет басшысы электр стансаларын тексеруді 2023 жылдың басында аяқтауды тапсырды. Қазірдің өзінде кәсіпорын өкілдері, бар проблемаларды осы күнге дейін  жасырғаны анықталып жатыр. Премьер-министрдің айтуынша, жақында жылу желілерін жөндеу бойынша ауқымды бағдарлама іске қосылады. Ең алдымен ұзындығы 1600 шақырымды құрайтын 70 процентке тозған стансаларға басымдық беріледі.

Әлихан Смайылов, ҚР Премьер-министрі:

- Бөлінген қаржы жеткіліксіз болғандықтан жаңғырту жүргізілмеген. Стансалар мен желі иелері жеткілікті инвестиция салмаған. Қараусыз жатқан желілер мәселесі де шешімін тапқан жоқ. Бізде қыс айлары өте қатал. Апаттар бұған дейін де болды. Бірақ олар саны жағынан да, ауқымы жағынан да мұндай болған емес. Баспасөз бен әлеуметтік желідегі шағымдарға қараңыздар. Барлық өңірден мыңдаған шағым бар. 

Бұл бір күннің ғана проблемасы емес. Жылдар бойы қордаланып келді.