Елімізде шетелдік инвестиция көлемі 28%-ке өсті

Қаңтар оқиғасы, өңірлердегі геосаяси ахуал және ресейлік компанияларға салынған санкциялар Қазақстандағы инвестициялық ахуалға кері әсерін тигізбей қоймады. Десек те Орталық Азиядағы шетелдік инвести-циялардың 70 проценті бұрынғыша біздің елге тиесілі, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мәселен, биыл 6 айда көрсеткіш 28 процентке артып, 14,5 млрд долларға жетті. Ал алдағы 7 жыл ішінде кемінде тағы 150 млрд. доллар тарту жоспарда бар. Ол үшін Сыртқы істер министрлігі Ресей мен Беларусь елдерінде кәсібін тоқтатқан 300 шетелдік компанияны Қазақстанға тартуды көздеп отыр. Бүгінгі таңда 21 компания елімізге қоныс аударды. Инвестициялық жобалардың көмегімен 130 мың, жаңа жұмыс орны ашылуы мүмкін.

Алмас Айдаров, ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары:

- Егер пул проект алатын болсақ, мен айтып өткен 935 жобасының ішінде ең төмен көрсеткіш Абай және Жетісу облыстарында. Екі өңірде де екі-ақ жобадан. Жаңа облыстар болғаннан кейін жобалар саны әзірше төмен. Және инвесторлар үшін бұл облыстар әзірше түсініксіз. Осы облыстармен жұмыс істеу керекпіз.