2029 жылға қарай республикада инженерлік желілердің тозуын 20%-ке дейін төмендету көзделген

2029 жылға қарай республикада инженерлік желілердің тозуын 20%-ке дейін төмендету көзделген

Ол үшін шамамен 3,8 трлн теңге инвестиция тарта отырып, 134 мың шақырымнан астам желіге жөндеу жүргізу қажет.

Мәселен, келер жылы 13 мың 200 шақырым жылу және электрмен жабдықтау үшін шамамен 300 млрд теңге тартып, табиғи монополиялар саласындағы қызметкерлердің жалақысын 50%-ке дейін арттыру жоспарланып отыр. Тарифтік саясатты реформалау үшін "Тарифті инвестицияға айырбастау" жаңа тұжырымдамасы ұсынылды. Бұл туралы Премьер-министр Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен алқа мәжілісінде айтылды.