Әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары. LIVE
Былтыр ел экономикасы 3,1% өсім көрсетті. Үкімет отырысында Экономика министрі осылай деді. Бүгін Үкімет екі мәселені қарастырып жатыр. Біріншісі – елдің былтырғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары және республикалық бюджеттің атқарылуы. Ал екіншісі халықтың шамадан тыс кредит алуын азайту жөніндегі шаралар болмақ.