Ел экономикасы 3,1%-ке өсті

Өткен жылдың қорытындысы бойынша еліміздің экономикасы 3,1% тұрақты өсімге қол жеткізді. Бұл туралы Үкімет отырысында Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров мәлімдеді. Оның айтуынша, оң өсу қарқыны ауыл шаруашылығы, құрылыс, ақпарат және байланыс, сауда, көлік және қоймалау мен өңдеу өнеркәсібі салаларында тіркелген. Ал тау-кен өндіру өнеркәсібінде өңдеу қарқыны, керісінше, 1%-ке төмендеген. Негізгі капиталға салынған инвестицияның өсу қарқыны 7,8%-ті құрады. Жалпы барлық көрсеткіш бойынша оң өсім 9 өңірде, атап айтсақ, Ақмола, Алматы, Батыс Қазақстан, Жетісу, Қостанай, Қызылорда, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарында, сонымен қатар Шымкент қаласында байқалады.