Елімізде 70 көкөніс қоймасы салынады
Елде көкөніс сақтайтын 70 заманауи қойма салынады.
Сондай-ақ жаңа үлгідегі сауда нысандарының үлесін 2027 жылға қарай қазіргі 31 пайыздан 70 пайызға жеткізу міндет. Әкімдіктер осыған жер бөлуі керек. Сауда және интеграция министрінің айтуынша бұл жұмыстар саладағы негізгі мәселені шешудің амалы. Мемлекет сауда саласына инвестицияны молайтуды көздейді. Серік Жұманғарин басым міндеттердің бірі тұтынушылардың құқығын қорғау екенін айтты. Былтыр 30 мыңнан астам өтініш қаралып, 800 млн теңгеге жуық қаржы тұтынушыларға қайтарылған.
Серік Жұманғарин, ҚР Сауда және интеграция министрі:
- Былтырғы қателіктерді енді еске алып ең маңызды мәселелер баға көтеретін мәселелерді біздер анықтадық. Ол біріншіден жаңағы көкөністер. картоп, пияз, қырыққабат және сәбіз қамтамасыз ету керек. Осы аталған көкөністер наурыз айының аяғына дейін жететін болады. Қазір оны сақтауға біз үйрендік. Сол себепті барлық спк-лар қазір жаңа айланым схемасының шеңберінде өндірушілермен ауыл шаруашылығы өндірушілермен келісімшартқа отырды.