«АрселорМиттал Теміртау» компаниясы өндірісті карбонсыздандыруға көшеді

Елдегі ірі өндіріс ошақтары көміртегі бейтараптығын қамтамасыз етпесе, экспорт кезінде шектеулерге тап болуы мүмкін.

Себебі Қазақстаннан шикізат импорттайтын Еуропа елдері «декорбонизация» бағытына көңіл бөле бастаған.

Соған сай импорттаушы мемлекеттен де осыны талап етіп отыр. Ал елдегі кәсіпорындар бұған қаржы құюға қаншалықты дайын? 

Декарбонизация – бұл атмосфераға шығатын көміртегі мен көмірқышқыл газын азайту процесі. Ал болат өндірісі әлемдегі энергияны көп қажет ететін сала.  Сарапшылардың пікірінше, зиянды қалдықтан толық арылту  қиын процесс. Яғни жаңа технологияларға көшіп, өндірісті жаңғырту керек. АрселорМиттал осы бағытқа бет бұрмақ.

Владимир Яблонский, "АрселорМиттал Теміртау"АҚ Бас директоры:

- Біз қазір модернизациялық бағытқа бет бұрып келеміз. Алда ескі бараеяларды алмастыратын екі бірдей замануи кокс батареялары салынатын болады. Қазірдің өзінде ауаға таралатын зиянды қалдықтар көп отын түрінен бас тартып келеміз. Ол өз нәтижесін беретін болады.

Елде  ауаны ең көп ластау – энергетика саласына тиесілі.  Сарапшылар ондағы пештерді модернизациялаудың өзі 20 процентке дейін тиімділік беретін еді деп отыр. Ал ресми министрлік өкілдері болса экономика мен экология мәселесін қатар алып жүретін кез келді дейді. 

Тұрар Жолмағамбетов, ҚР ИИДМ Индустриялық даму комитет төрағасының орынбасары:

- Әлемдік Арселорға қарасақ Франция мемлекетінде осындай 11 миллиондық кәсіпорында тек декорбонизация үшін 1,8 млрд еуро бөлініп жатыр. Ондағы мақсат экологиялық шығындарды , парниктік газдарды 40 пайызға дейін төмендету. Әлемдік арселорда үлкен тәжірибесі бар. Бюджеті де қарастырылған. Сол жұмыстарды біз осы Теміртауда өткіземіз.Мемлекет тарапынан жоспарды көрсет, бюджетті көрсет және біздің рөлімізді көрсет біз бірге жұмыс бастайық. 

Еске сала кетейік, Президент 2060 жылға дейін көміртегі бейтараптығына қол жеткізу стратегиясын бекіткен. Ол жаһандық климаттық трендтерді ескере отырып жасалған. Осының аясында 2030 жылға қарай ауаға тарайтын зиянды қалдықтар 15% - ға дейін азаюы тиіс.

Дәуренбек Бағдәулетұлы, Сайлау Игіліков, Зарина Зұлпыхар