Мүгедек жандарға жұмыс берушілерге төленетін субсидия мөлшері артты
Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа алғандарға мемлекет төлейтін субсидия көлемі ұлғайды.
Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Олжас Ордабаев мәлімдеді. Оның айтуынша, денсаулығында кінәраты барларды, қызметке қабылдаған жұмыс берушілердің шығынын өтеу үшін, биылдан бастап 300 айлық есептік көрсеткіш көлемінде субсидия төленеді. Сонымен қатар, халықтың әлеуметтік тұрғыда осал топтарын жұмыспен қамту шаралары да қайта қаралды. Біріншіден «Күміс жас» жобасына қатысушылардың жасы 50-ге дейін төмендетілді. Олардың жалақысын субсидиялау мерзімі 3 жылға ұзартылды.
Олжас Ордабаев, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі:
- 2023 жылы 947,8 мың адамды жұмысқа орналастыру жоспарлануда. Біріншіден, іске асырылып жатқан Ұлттық жобалар, оның ішінде субсидияланған жұмыс орындар 231.3 мың адам. Мемлекет басшысының 10 мың халыққа 100 жұмыс орыны бастамасы шеңберінде 345. 8 мың адам. Бос жұмыс орындарына 320.4 мың адамды жұмысқа орналастыру жоспарлануда. 20 ақпанға елдің 117 мыңнан астам азаматы жұмысқа орналасты.