Премьер-министрдің төрағалығымен Экономиканы демонополизациялау жөніндегі комиссияның отырысы өтті
Мұнай өңдеу зауыттарының бірінде техникалық сервистің негізгі қызметтері аутсорсингтен кәсіпорынның өзіне қайтарылған жағдайда артық делдалдардан арылу мүмкіндігі туады.
Бұл туралы Премьер-министр Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Экономиканы демонополизациялау жөніндегі комиссияның отырысында айтылды. Жиында мұнай өнімдерін өндіру саласы мен жолаушылар әуе тасымалы нарығындағы монополияға қарсы жаңа шаралар қаралды. Мәселен, заңнамадағы кемшін тұстардың есебінен билет құны негізсіз өспеу керек. Бұл да әңгімеге арқау болды.