Тұқым шаруашылығын дамытуға қомақты қаражат бөлінеді

Тұқым шаруашылығын дамытуға қомақты қаражат бөлінеді

Тұқым шаруашылығын дамытудың 2024-2028 жылдарға арналған кешенді жоспары бойынша 150 млрд теңге қаржы қаралып отыр.

Бұл жөнінде Түркістанда өткен Халықаралық сауда көрмесінде айтылды. Әбілхайыр Тамабектің айтуынша, еліміздегі тұқым шаруашылығын дамытуда қордаланған мәселе көп. Мысалы, қазір егін шаруашылығымен айналысатын диқандарды өзіміз тұқыммен 70-80% қамтамасыз етсек, көкөніс пен бақша дақылдары бойынша 90% көрші елдерге тәуелдіміз. Қант қызылшасы бойынша 4% ғана өзімізде өндіреміз. Сол себепті Мемлекет басшысы өткен жылы тұқым шаруашылығын дамтыудың кешенді жоспарын әзірлеуді тапсырған болатын. Вице-министрдің айтуынша, осы жобаға сәйкес, тек ауыл шаруашылығы министрлігіне қарасты ғылыми зертханалық институттарды ғана емес, тұқым шаруашылығын селекциялаумен айналысқысы келетін жеке шаруаларға да қолдау көрсетілмек.

Әбілхайыр Тамабек, ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің орынбасары:

- 2030 жылға деп айтайықшы, орташа есеппен барлық тұқым шаруашылығы бойынша 70%-ке өз-өзімізді қамтамасыз ету жоспарымызда бар. Өзіміздің аграрлы ғылыми зерттеу орталығымыз бар. Ол жерде 3 университетіміз бар аграрлық. Сонымен қатар 12 институтымыз, 17 тәжірибелік станцияларымыз бар. Онда 100 мың гектар жері бар. Осында дамыту көзделген.