Жағдайы мүшкіл Риддер жылу орталығының қарызы қордаланып тұр
Риддер жылу электр станциясындағы жағдай қиын. Қазандықтардың бірі жөнделгенмен, екіншісі әрең жұмыс істеп тұр.
Мекеменің кредиторлық қарызы 3 миллиард теңгеден асып кетті. Жылу орталығының басшылығы станцияны көмір, электр энергиясы, мазут сынды қажеттіліктермен қамтамасыз ете алмай жатыр.
Қазір төтенше жағдай жариялау арқылы, кәсіпорынды басқаруды облыстық әкімдік өз қолына алды. "Риддер ТЭЦ" мекемесіне қатысты мәселені жедел әрі түбегейлі шешпесе, келер күзде жағдай бұдан да қиын болады.
Эльмира Ахметова, тілші:
- Біз қазір Риддер Жылу электр орталығының ішінде тұрмыз, дәл осы жерде мына жақта соңғы рет жарылыс болған екен, жарылыстың қатты болғаны соншалық дүмпуі осы жерге дейін жетіп міне, қабырғаларды ары қарай құлатып кеткен сонымен қатар осы жерде тұрған қоршаулардың да быт шытын шығарған. Осы жерде жұмыс істеп жүрген мамандардың айтуынша осы орталықта апатты жағдайлар басталғалы бері 67 рет тоқтау болыпты, яғни 67 рет сынған.
Жылу электр орталығының меншік иесі орталыққа бірде бір қаражат бөлмеген. Тіпті қарапайым алғанда,(видео) орталық ішінде жиналған көмір шаңын тазалап отырмаған. Соңғы болған жарылыстың себебі де осы болған, яғни шаң жиналып, жиналып жарылыстың пайда болуына түрткі болыпты.
Дмитрий Горьковой, Риддер қаласының әкімі:
- Абырой болғанда, жарылыстан адам шығыны жоқ және станциядағы маңызды құрал-жабдық бүлінбеді. Технологиялық процесс тоқтаған жоқ. Бұның барлығы мекеме басшылығының жауапсыздығынан болып жатқан жайттар.
Дәл қазір жылу электр орталығында алты қазандықтың тек екеуі ғана істеп тұр. Ал мынау номер бесінші қазандық, қазір (дальше видео) жөндеу жұмыстары жүріп жатыр.Дәл осы бесінші және алтыншы қазандықта соңғы рет өрт шыққан болатын. Алтыншы қазандық жөндеуге жарамайд деп саналды.
Ержан Нұрбаев, ШҚО әкімінің орынбасары:
- Уақыт тез өтіп кетеді, қазір міне бесінші, төртінші айдан бастап, бүкіл ремонт жасамаса, күзде қайтадан осындай жағдайға келіп қалатын жағдай болуы мүмкін. Осы бір жедел шешім шығару керек, мемлекетке берсе мемлекетке алу керек болмаса, иелері ақша құюы керек, басқа мында ешқандай жол жоқ.
Қазір жылу мекемесі жүйесінен шығып жатқан температура 40-43° шамасында. Екі жылу қазандығының күші осыған ғана жетіп тұр әзірше. Жалпы облыс әкімдігі бұл жағдайдан шығу үшін мемлекеттің мекемелердің жылу алдындағы төлемін алдын ала алып, 120 миллион теңге қаражат бөліп отыр орталыққа. Осы қаражат есебінен жылу орталығы жұмысшыларының еңбекақысы төленіп, біршама салық түрлері жабылады.
Эльмира Ахметова, Жігер Бабаханов