Үкіметте экономиканы монополиядан арылту мәселесі талқыланды

Мұнай-газ саласының маңызды инфрақұрылымдық нысандарын мемлекет меншігіне қайтару. Премьер-министр Әлихан Смайылов Экономиканы демонополизациялау жөніндегі комиссияның кезекті отырысын өткізіп, маңызды деген мәселелерді талқылады.

Жиынға қатысушылар теміржол жүк тасымалы нарығындағы жасанды монополияларды жою және астық тасымалдау нарығы субъектілерінің жауапкершілігін арттыру тетіктерін де талқылады. Премьер-министр алдағы уақытта нақты экономикалық нәтижелерге қол жеткізу үшін басталған жұмыстың қарқынын күшейтіп, аяғына дейін жеткізуді тапсырды.