Атырау облысының диқандарына арзан дизель беріледі

Атырау облысында көктемгі дала жұмыстарына жеңілдетілген бағамен 800 тонна дизель отыны бөлінді.

Жер жыртып, тұқым себу үшін 91 шаруашылық дизель отынына сұраныс берген. Оның 400 тоннасы 20 сәуірден бастап дала қосындарына жеткізіледі. Қалған жартысы мамыр-маусым айларында егіншілердің сұранысы бойынша беріледі. Жалпы, биыл мұнайлы өңірде 337 шаруашылық 10 мың  гектардан астам егіс алқабын игеруі тиіс болса, оның 600 гектарына дән себілген. Мемлекет қолдауына сүйенген  диқандар егіс көлемін жылдан жылға ұлғайтып келеді.

Тілек Әміров, облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының бөлім басшысы: 

- 91 шаруашылық дизель отынын аламыз деп тапсырыс беріп отыр. Қазір өткізген конкурстың нәтижесінде жеңілдетілген бағадағы дизель отыныңың 1литрі 207 теңгеден жеңімпаз оператор шаруашылық құрылымдарына сұраныс негізінде жеткізіп береді. Егер Атырау қаласындағы жеңімпаз оператордың мұнай базасынан алса, 202 теңгеге 1 литрін алып кетуіне мүмкіндіктері бар.