Елде мұнай-газ саласындағы ірі компания жекеменшікке өтіп кеткен
Елде осыдан бірнеше жыл бұрын мұнай-газ саласында жұмыс істейтін ірі компания сатылғаны белгілі болды, деп хабарлайды «Хабар 24».
Тексеру кезінде активтің арзан бағамен жекенің қолына өтіп кеткені анықталды. Премьер-Министр Әлихан Смайылов құзырлы мемлекеттік органдарға осы мәселені қолданыстағы заңнама аясында пысықтауды тапсырды. Үкімет басшысының төрағалығымен өткен Экономиканы демонополизациялау жөніндегі комиссия отырысында мұнай-газ саласындағы маңызды инфрақұрылымдық нысандарды жекеменшікке берудің заңдылығы талқыланды.