Үш айдың қорытындысы бойынша елдегі инфляция 3,2% болды
Оның ішінде азық-түлік 4%, азық-түлік емес тауарлар 2,5%, ақылы қызметтер инфляциясы 1,8%-тен асты, деп хабарлайды «Хабар 24».
«Бірақ Үкімет соңғы 6 аптада негізгі азық-түлік бағасының өсу қарқынын тоқтата алды», - деді Премьер-министрдің орынбасары. Серік Жұманғаринның айтуынша, маусымаралық кезеңде тауар балансын қамтамасыз ету үшін мониторинг жалғасады. Ал Үкімет басшысы «азық-түлік инфляциясы кейбір әкімдіктердің тиімсіз жұмысын көрсетіп отыр» деп жергілікті билік органдарын сынға алды. Осыған байланысты бүгінгі отырыста Әлихан Смайылов әкімдіктерге нарықтағы мониторингті күшейтуді тапсырды.