Қазақстан-Франция экономикалық ынтымақтастық жөніндегі комиссиясының отырысы өтті
Франция Қазақстанның Еуропадағы негізгі сауда-экономикалық әрі стратегиялық серіктестерінің бірі.
Сондай-ақ елімізге инвестиция салған 5 ірі инвестордың қатарына кіретін ел. Астанада Қазақстан-Франция экономикалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссиясының XV отырысы өтті. Шараға Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Марат Қарабаев пен Қазақстан-Франция үкіметаралық комиссиясының тең төрағасы Оливье Бешт қатысты. 15-мәрте ұйымдастырылған үкіметаралық отырыста қазіргі экономикалық ахуалмен қатар, ауыл шаруашылығы, цифрландыру, денсаулық сақтау, энергетика, өнеркәсіп және көлік саласындағы ынтымақтастықты дамыту мәселелері талқыланды.
Қос тарап 6 маңызды құжатқа қол қойды. Айта кету керек, осы уақытқа дейін Франция Қазақстанға 18 млрд доллардан аса қаражатқа инвестиция салған. Былтыр екі ел арасындағы тауар айналымы 30%-ға өсіп, 4 млрд долларға жетті.
Марат Қарабаев ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі:
- Осы Франциядан Қазақстанға салынған инвестицияның көлемі де былтыр 770 млн АҚШ долларын құрап 30 пайыздық өсмім көрсетті. Елде 180-нен франциялық бизнестің қатысуымен 180-нен астам кәсіпорын жұмыс істеп жатыр. Бүгінгі кеңесте осыған қоса 10-нан астам жобалар талқыланды.
Оливье Бешт Қазақстан-Франция үкіметаралық комиссиясының тең төрағасы
- Былтыр Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Франция Республикасына жасаған іс-сапары екі мемлекеттің арасындағы қарым-қатынасқа тың серпін бергенін айта кеткен жөн. Франция Президенті Қазақстанмен арадағы жақсы қарым-қатынасты одан әрі нығайтуды маңызды деп санайды. Қазақстан сенімді серіктес, достас мемлекет әрі Орталық Азиядағы бізбен стратегиялық байланыс орнатқан жалғыз ел.