Атырауда нан қымбаттады
Атырауда нан қымбаттады.
Атырау әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясымен келісім-шартқа отырған сауда орындарында бірінші сұрыпты ұннан жасалған нан 91 теңгеден сатылып жатыр. Бұған дейін 82 теңге еді. Қымбатшылыққа ұн жеткізіп отырған кәсіпорынның бағаны өсіруі себеп. Бұрын Батыс Қазақстан облысынан бірінші сұрыпты ұн 155 теңгеден әкелінсе, енді 165 теңгеге өсіпті. Сондай-ақ наубайханалардың бағаны өсіруі де ас атасының қымбаттауына әкеліп отыр. Десе де, жауаптылар бұл бағаның нарықтағы құннан 20-30 теңгеге арзан екенін айтады. Қазір тұрақтандыру қорында 883 тонна ұн бар.
Қайсар Құрманәлиев, "Атырау" ӘКК АҚ Бағдарламаларды іске асыру департаментінің директоры:
- Өз кезегінде нан өнімдерін жеткізушілер, яғни наубайханалар бағасын көтерген болатын. Себебі бірінші сортты ұнның, электр энергиясы, коммуналдық қызметтер, ГСМ қымбаттаған. Онымен қоса жұұмысшылардың жалақысы көтерілген болатын. Егер бағаны нарықпен салыстыратын болсақ, тұрақтандыру қорының бірінші сұрыпты ұнынан жасалған нанның бағасы нарықтық бағадан 20-30 теңгеге төмен.