Үкімет басшысының төрағалығымен Инвестициялық штаб отырысы өтті

Биыл 4 айдың ішінде негізгі капиталға салынған инвестициялардың жалпы көлемі 3,8 трлн теңгеге жетті.

2022 жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда бұл 18%-ға артық. Бұл жөнінде Үкімет басшысының төрағалығымен өткен Инвестициялық штаб отырысында айтылды. 20 аймақтың 12-сі нысаналы индикаторға қол жеткізе алған, тіпті кейбірі межелі көрсеткіштен асып түскен. Ал 8 өңірдегі көрсеткіш ойдағыдай емес. Олардың арасында Ұлытау, Абай және Жамбыл облыстары бар. Биыл Үкімет алдында негізгі капиталға салынатын инвестициялар деңгейін 18,5 трлн теңгеге жеткізу міндеті тұр.

Әлібек Қуантыров – ҚР Ұлттық экономика министрі:

- Инвестициялардың жалпы көлемінің ең үлкен үлесін әлі де тау-кен өнеркәсібі алып жатыр – 29,8%, жылжымайтын мүлікпен операциялар -20,3, көлік және қоймалау – 10,5% және өңдеу өнеркәсібі – 10,2%.