Франция елімізде ауылшаруашылық өнімдері зауытын салады

Француз инвесторлары біздің елде ауылшаруашылық өнімдерін өңдейтін зауыт пен зертхана салмақ.

Бұл туралы Қазақстан деллегациясының Бретань аймағына сапары барысында белгілі болды. Ауыл шаруашылығы саласындағы байланыстарды бекемдеген келіссөздер.

Францияның Бертань аймағы Еуропадағы ауылшаруашылығы дамыған  өңірлердің бірі. 3 млн халқы бар Бертань, 20 млн тұрғының азық- түлік сұранысын қанағаттандыруға қауһарлы. Жергілікті шаруалар саланы дамытудың жаңа бағыттарын қарастыруда. Бұл ретте Қазақстанның инвестициялық климаты мен ауылшаруашылық саласындағы бағдарламалары Француз инвесторларының қызығушылығын оятты.   

Гүлсара Арыстанкулова, Қазақстанның Франциядағы Төтенше және өкілетті елшісі

Бұл фабрика жем-шөпке қоспа дайындайды. Өндіріс инженерлерінің осы тектес жоба жасауда үлкен тәжірибелері бар. Ғылыми зерттеу орталығы мен жер қыртысын бақылайтын жүйе қарастырылған. Жаңа технология өнімді молынан өндіруге мүмкіндік береді.      

Оливье Меньян, фабриканың атқарушы директоры:

- Осы тектес кездесулер байланыс орнатуға, тәжірибе алмасуға таптырмас мүмкіндік. Бәлкім ертең біз көрсеткен технология Қазақстанда өндіріске енер. Жаңа мүмкіндіктерді қарастыру өте пайдалы.

Бретаньдағы кәсіпорын Қазақстандық серіктестермен медицина саласында бұрыннан байланыс орнатқан. Қазақстанның Франциядағы елшісі Гүлсара Арыстанқұлова тамақ өнідірісімен фрамацевтика саласында біріккен жобаларды іске асыруды ұсынды.    

Орельен Бланшар, халықаралық сату бөлімінің менеджері:

- Әрине біз бұл ұсынысты қарастырамыз. Себебі Қазақстанның әлеуеті зор. Орта азияның нарығын да ойластырып жатырмыз. Ал ол аймаққа шығу үшін алдымен Қазакстанмен әріптестік орнату қажет деп санаймыз. 

Былтырғы жыл Қазақстан экономикасына сырттан тартылған инвесторлардың келуі бойынша табысты болды. Ал белсенді серіктестер ішінде Францияның шоқтығы биік.  

Алия Сыздыкова, Руслан Омиржан