Ақмола облысының өнеркәсібінде өсім бар
Ақмола облысы биылғы 4 ай көрсеткіші бойынша өнеркәсіп саласында 550 миллиард теңгеден астам сомаға өнім шығарды.
Осылайша өңір жоғары қарқынға жетіп отыр. Мұны аймақ басшысы Ермек Маржықпаев мәлімдеді. Айтуынша, көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 15 пайызға артқан. Оның ішінде өңдеу өнеркәсібі мен тау-кен өндіру индекстері бойынша өсім бар. Әсіресе металлургия, машина жасау, азық-түлік өндірісінің базалық салалары алдыңғы қатарда тұр.
Ермек Маржықпаев, Ақмола облысының әкімі:
- Биыл облыс экономикасы әлі де тұрақты екенін растағым келеді. Өткен жылы жақсы қарқын алған салалар өсуін жалғастыруда. Жалпы соңғы 3 жыл бойы елдегі өңірлерден біз әлеуметтік-экономикалық дамудың негізгі көрсеткіштерін орындау бойынша алдыңғы қатардамыз. Кәсіпорындар кеңейіп келеді. Еуропа мен Азияның алдынғы қатарлы елдерде шығарылатын қазіргі заманғы роботталған жабдықтарды орнатуда. Казрос компаниялары Жыл сайын әрқайсысы 2000-ға дейін ауыл шаруашылық техникасын, комбайндар мен тракторлар шығарып өткізеді.