Таразда жаңа туған нәрестелерге киім тоқитын волонтерлер бар

Таразда шала туған нәрестелерге арнап, киім тоқитын волонтерлер бар.

Олар жылына 300-ден аса шақалаққа табиғи жүннен, жейде мен бас киімдер тігеді. ВолонтерлЕрдың ең үлкені 72 жаста. Ал ең кішілері 9-сыныпта оқиды. Еріктілер қайырымдылық жобасын 6 жыл бұрын бастаған. Бастапқыда киімге қажет шикізатты, өз қаражаттарына алған. Қазір демеушілер табиғи жүнді Түркия мен Ресейден жеткізіп береді. Жалпы аймақта жылына, уақытына жетпей 1800 ге жуық сәби дүние есігін ашады екен. Дәрігерлер салмағы небәрі 500 грамм болатын нәрестелерге, қимыл қозғалыста болудың маңызы зор, дейді.  

Гүлзағира Айнабекова, волонтер:

- Апарып берген кезде аналардың түрін көріп, олар қуанып, кейбіреулері білмейді. Бұл не дейді? Осылай осылай деп түсіндіресің. Тек ғана баланың сабынымен жуып, оны кептіріп үтікпен паритетіп, стирильный қылып апарып береміз дайындап. Сосын олардың қуанғанын көріп біз де бір соған жақсы ғой жақсылық жасаған.

Талғат Толықбаев, облыстық көпбейінді ауруханасы неонаталдық қызметінің басшысы:

- Шала туған нәрестелердің негізгі проблемалары ол дұрыс тыныстың қалыптаспауына байланысты. Сол тынысты бір қалыпты етуге үнемі денесіне арнайы жіптермен тоқылғандықтан осы денесіне тиіп тұрғандықтан ол тынысқа, дұрыс тыныстауға септігін тигізеді. Сол себепті бұл кісілерге үлкен рақмет айтамыз.