Ерікті тәуелсіз сертификаттау жүйесі енгізіледі
Отандық еңбек нарығында бәсекелестік жоғары.
Осыған байланысты әрбір маман 2 жыл сайын жаңа дағдыларды үйреніп отыру қажет. Бұл мақсатта ерікті тәуелсіз сертификаттау жүйесі енгізіледі. "Кәсіптік біліктілік туралы" заң аясындағы жаңа талап әсіресе жас түлектерге қолайлы, дейді Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Олжас Ордабаев. Тың жүйе кез келген маманға өз білімі мен құзыретін нақты бағалауға, шеберлігі мен тәжірибесін құжат түрінде растауға мүмкіндік береді. Баламалы біліктілікті растау нәтижесінде алынған сертификат жұмысқа қабылдау кезінде дипломмен қатар негізгі құжат саналады.
Олжас Ордабаев, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі:
- Өз біліктілігін растау үшін жұмыс іздеуші арнайы орталыққа жүгінеді. Бағалау процедурасы теориялық және практикалық емтихандар түрінде жүзеге асырылады. Тәуелсіз бағалаудан сәтті өткен азаматтарға сертификат беріледі. Бұл ретте сертификат еңбек нарығында басқа құжаттармен қатар танылады. Бағалаудан өту кезеңінде қызметкерлерге еңбек заңнамасына сәйкес, кепілдіктер мен өтемақылар жеңілдіктердің барлық көлемі беріледі. Жұмыссыз азаматтарға сертификациядан өту үшін мемлекет атаулы ваучерлерді беріп тұрады.