Қазақстан мен Грузияның өзара сауда көлемі 190 млн долларды құрады
Соңғы 6 айда Қазақстан мен Грузия арасындағы өзара сауда көлемі шамамен 30%-ға өсіп, 190 млн долларды құрады.
Бұл туралы Әлихан Смайылов пен Грузия Премьер-Министрінің кездесуінде белгілі болды. Тараптар сауда, көлік және логистика салаларындағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады. Транскаспий халықаралық көлік бағытын дамыту жайы да назардан тыс қалмады. Жарты жылдың қорытындысына сәйкес Орта дәліз бойынша жүктерді тасымалдау көлемі 77%-ке өскен. Үкімет басшысы барлық сала бойынша серпінді дамуға бағытталған көп жоспарлы жұмысты жалғастыруға ниетті екенін жеткізді. Ал Ираклий Гарибашвили Қазақстанмен тиімді өзара іс-қимылды нығайтуға дайын екенін растады.