Ауғанстандық кәсіпкерлер тобы Астанаға келді

Елдің Өнеркәсіп және сауда министрі Нуриддин Азизи бастаған делегация құрамында 210 адам бар.

Оларды  Премьер-Министрдің орынбасары – Сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин әуежайдан күтіп алды. Бүгін Қазақстан және Ауғанстан компанияларының таныстырылымы мен өзара келіссөздер өтеді. Ал ертең бизнес-форум басталады. 4 тамызда EXPO-ның Конгресс орталығында ауған тауарларының көрмесі болады. Онда түрлі азық-түлік, мыс ыдыстар, мәрмәр, кілемдер, зергерлік бұйымдар және басқа да көптеген тауар ұсынылады.