Биыл Қазақстан экономикасы 4,8% өсті

Биыл сегіз айда Қазақстан экономикасы 4,8 пайызға өсті.

Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров мәлімдеді. Оның ішінде,  қызмет көрсету саласы 4,7 пайызға артқан. Ведмство басшысының айтуынша, негізгі салалардың барлығында оң динамика байқалды. Әсіресе құрылыс, сауда, сондай-ақ ақпарат және байланыс салалары ең жоғары өсімді көрсетті. Сондай-ақ, негізгі капиталға салынған инвестициялардың өсімі де қарқынды. Ол 12,4 пайызды құрады. Бұл бағытта өңірлер арасында ең жоғарғы көрсеткіш Абай, Маңғыстау, Батыс Қазақстан және Павлодар облыстарында байқалды. Сыртқы сауда тауар айналымы 4,3 пайызға өсіп, 67,2 млрд доллар болды. Экспорт 38 млрд долларды құрады.