«ҚазТрансГазАймақ» компаниясы қыс мезгіліне дайындалып жатыр

«ҚазТрансГазАймақ» компаниясының қызметкерлері алдағы күзгі-қысқы маусымға дайындалуда.

Барлық жұмыстар жоспарға сай істеліп отыр. Бүгінгі таңда, еліміздің газ шаруашылығының дайындығы 88 процентке жеткен. Қысқа дайындық жұмыстарының кестеге сай жүргізілуі, Qazaq-Gaz ұлттық компаниясы басшылығының ерекше бақылауында. Компания мамандары Алматыдағы жағдайды бақылап қайтты.  

Газ қызметкерлері Алматыда қысқа тыңғылықты дайындалып жатыр. Инвестициялық бағдарламаға сәйкес ескірген газ құбыры қайта ауыстырылып, жаңасы салынуда. Мұның барлығы жылыту кезеңінде «көгілдір отынды» үздіксіз жеткізуге және қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін жасалып отыр.

Бауыржан Асқаров, "ҚазТрансГазАймақ" АҚ Бас директоры:

- Гёте, Папанин, Герцен көшелерінде реконструкция жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жаңа металдық құбырларды салып жатырмыз. Бұдан бұрын осында қолданған құбырларымыз 50 жыл бұрын салынған құбырлар. Қазіргі таңда ауыстыруға тура келіп жатыр. Осы жұмыстарды жасап жатырмыз.

Газбен жабдықтаушы компания жылыту маусымы басталғанға дейін барлық жұмысты аяқтаймыз деп отыр. Бұған қоса «ҚазТрансГаз Аймақ» қызметкерлері Алатау ауданындағы Мәдениет ықшам ауданына табиғи газ жеткізу жұмыстарын бастамақ. Мәдениеттің көшелерімен газ желісі жүргізіліп, жаңа жылға дейін алғашқы тұтынушылар газдың игілігін көре бастайды. 

Бауыржан Асқаров, "ҚазТрансГазАймақ" АҚ Бас директоры:

- Алматы бойынша инвестиционный программамыз бар. Ол программа бойынша 2026 жылға дейін көзделген қаражат бар. Көзделген жұмыстарымыз бар. Ескі құбырларды ауыстыру, жаңа құбырларды салу. Сол инвестициялық бағдарлама бойынша 12 шақырым газ құбырларын Алматы қаласында биыл саламыз.

Қазіргі таңда «ҚазТрансГазАймақ» акционерлік қоғамының алдағы күзгі-қысқы маусымға дайындығы Қазақстан бойынша 88 пайызға жетті.

Ұлан Нарынбек, Кенже Амраев