3,6 триллион теңге. Үкімет 3 жылдың бюджетін мақұлдады
Келер жылы Ұлттық қордан республикалық бюджетке 3,6 триллион теңге көлемінде трансферт тартылады.
Бұл туралы Үкімет отырысында Премьер-министрдің орынбасары-Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев мәлімдеді.
Оның айтуынша қаражат, әлеуметтік және маңызы бар инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыруға жұмсалады.
Атап айтқанда, жылу, газ, жол, су және инженерлік желілерді жаңғыртуға бағытталмақ.
Сондай-ақ осы ақша арқылы «Жайлы мекеп» пен «Ауыл денсаулығын жаңғырту» ұлттық жобалары іске асады. Соның аясында бірқатар әлеуметтік нысан құрылысы жүргізіледі.
Ерұлан Жамаубаев, ҚР Премьер-министрінің орынбасары-Қаржы министрі:
- Біз ендігі жылда 3,6 трлн тг Ұлттық қордан аламыз деп отырмыз. Дегенмен де оған түсетін таза түсім осы 3,6-ны алғаннын өзінде 2,3 трлн деп болжанады. Одан кейінгі жылдарда үш трлн, одан кейін 6 трлн. Яғни біз 2030-ға дейін осы Ұлттық қордың қаражатын 100 млрд долларға жеткіземіз деп көздеп отырмыз.