Егін мол, түсім аз

Абай облысында егін ору науқаны қарқынды.

Бірақ бидайдың өнімділігі былтырмен салыстырғанда 5 пайызға төмендеп кеткен.

Бұл ауа райына байланысты. Ала жаздай жаңбыр тамбады -дейді мамандар.

Өңірде майлы дақылдарға сұраныс жоғары болғандықтан күнбағыс алқаптарының көлемін арттыру қолға алынды.

Маратбек Нүркешов, аудандық Кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы:

- Қазіргі уақытта 30 мың гектардай бидайды орып жатырмыз. Орташа өнімділік 6 центнер гектарына шығып отыр. Егістіктің көлемі биыл 12 мың гектарға көбірек былтырғыдан. Жылдан жылға гектарын қосып отырмыз. Өзіміздің бағдарламамыз бар. Соған байланысты жыл сайын көлемін өсіріп отырамыз.