Кейінгі төрт жылда мұғалімдер жалақысы 100% артты

Елімізде кейінгі 4 жылда ұстаздардың жалақысы жүз пайызға артты.

Биылғы қыркүйек айында мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту педагогтерінің айлығы тағы 30%-ке өсті. Ал былтырдан бері Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша халықаралық олимпиада жүлдегерлерін дайындаған мұғалімдерге жалақының 26 жарым еселенген мөлшеріне дейін бір жолғы сыйақы беріледі. Сондай-ақ елде жыл сайын "Үздік педагог" республикалық конкурсы өтеді. 64 жеңімпазға "Үздік педагог" куәлігі және төсбелгісімен қатар мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, яғни, 3 жарым млн теңгеге жуық ақшалай сыйақы табысталады.