Тоқаев: Банктерге талап күшейеді

Мемлекет басшысы кең көлемдегі сұхбатында несиеге белшеден батқан бұқараның базынасына да тоқталды.

Бұл мәселе жұрттың әлеуметтік жағдайына және еліміздегі қаржы жүйесінің тұрақтылығына тікелей әсер етеді – деді ол.

Президент, біріншіден, халықтың қаржылық сауатын арттыру, екіншіден, тұтыну несиесін беру тәртібі мен  коллекторлық ұйымдар қызметін қатаң реттеу керегін айтты.

Борышкерлер құқығын қорғау үшін несие беру туралы заңнамаға енгізілетін түзетулер әзірленді. Бұл өзгерістер банктерге, микрокредит ұйымдарына және коллектор агенттіктеріне талапты одан әрі күшейте түседі.

Банк омбудсменінің өкілеттігі де кеңейтіледі. Қазір бұл құжатты Мәжіліс депутаттары қарап жатыр. Мен бұл бастаманы қолдауға дайынмын – деді президент.

Банктерге, микрокредит ұйымдарына талапты күшейту туралы Президенттің пәрменіне қатысты сарапшылар не дейді. Экономист Бауыржан Ысқақов бізбен байланысқа шыққан еді.

- Президент сұхбатында борышкерлер құқығын қорғау үшін несие беру туралы заңнамаға енгізілетін түзетулер әзірленді. Бұл өзгерістер банктерге талапты қаншалықты күшейтеді?

- Қаржылық сауатты арттыру үшін не істеу керек деп ойлайсыз?

Бауыржан Ысқақов, экономист: