Қазақстан инвестиция тарту бойынша Орталық Азияда көш басында келеді
Аягөз бен Шәуешек теміржолы іске қосылса, тауар айналымы артады, инвестиция молаяды.
Қытай – бұрыннан Қазақстан экономикасына мол қаржы құйған ірі инвесторлардың бірі. Осы уақытқа дейін біздің елге бұл мемлекеттен 24 миллиард доллар инвестиция келген.
Инвестиция – игілік дейміз. Бұл сөз қазіргі уақыттың мәтеліне айналды. Себебі шетелден келген қаржының арқасында елде жаңа кәсіпорындар көптеп ашылып жатыр. Әр жаңадан ашылған кәсіпорынның арқасында жүздеген адам екі қолға бір күрек тауып жатқаны да рас. Соңғы 30 жылда әлемнің 120 мемлекетінен 400 млрд долларға жуық қаржы құйылған екен. Алдағы жылы бұл көрсеткіш өсе ме?