Көлеңкелі экономиканың үлесі 19%-ке жетті

Болашақта бұл көрсеткішті 14%-ке дейін төмендету көзделген.

Қазір Қаржы министрлігі тиісті іс-шараларды қолға алып жатыр. Азаматтардың ақша аударымдары бақыланып, табыс көздері заңдастырылады. Дегенмен кей кәсіп иелері мобильдік аударымдар тексеріледі дегеннен бастап электронды төлем қабылдаудан бас тартқан. Осылайша, олар табысын жасырып, салықтан жалтарғысы келеді, - дейді мамандар.

- Салық халық үшін жиналады ғой. Сол ақшаға мектептер салынады, емхана салады. Сол адамдар үшін істеліп жатыр. Кәсіпкер сол үшін салық төлеуі керек.

- Мүгедек адамдарға мемлекет көмектесу үшін кәсіпкер адамдар салықтан жалтармау керек және мемлекет тарапынан көмек көп болуы үшін салық көп түсуі керек.

- Табыс таба ма, әрине, төлеу керек. Енді осындай жекеменшік заңсыз бизнестер азайса, мемлекетіміз дамиды.