Криптобиржалар еліміздегі банктермен өзара іс-қимыл жобасын аяқтады
Елімізде криптобиржалар мен екінші деңгейлі банктің өзара іс-қимылы бойынша пилоттық жоба аяқталды.
Бұл туралы Digital Almaty форумында айтылды. Жоба 2022 жылдың желтоқсанында іске қосылған еді. Оған 6 криптобиржа мен 8 екінші деңгейлі банк қатысты. Содан бері жалпы айналым 239 млн долларға жетіп, 63 мың транзакция жасалған. Тұтынушылардың саны 53 мыңға жуықтаған. Жоба цифрлық активтерді жергілікті криптобиржаларда қолдануға мүмкіндік береді. Ал шетелдік криптобиржаларда тәуекелдер көп. Бағам құбылып тұрғандықтан, олардың қаншалықты ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етіп отырғаны белгісіз. Ал бізде оны Астана халықаралық қаржы орталығы реттеп отырады. Яғни бұл тұрғындар мен инвесторлардың активтерінің ақпараттық қауіпсіздігіне, белгілі талапқа сай жауап беретіндігіне кепілдік береді.
Ғиззат Байтұрсынов, ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің департамент директоры:
- Қазір осы пилоттық проект, осы екінші деңгейлі банктермен криптобиржалардың қарым-қатынасы бойынша жобаның қабылданғанымен аяқталды. Және біздің ойымызша, осы пилоттық жоба өте жақсы результатар көрсетті. Халыққа мүмкіндік береді. Біздің осы қазақстандық криптобиржалардың сауда-саттықпен айналысуға, цифрлық активтердің соған мүмкіндік береді.