Мұнай тасымалы артады
Каспий құбыр консорциумының қазақстандық аумағындағы тар жерлерді жою жобасы аяқталды.
Енді жылдық қуаттылық 53,7 млн тоннадан 72,5 млн тоннаға дейін ұлғаяды. Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев отандық мұнай экспортының басым бөлігі Ресей арқылы транзитпен тасымалданатынын айтты. Біздің ел қара алтын сатуды үздіксіз қамтамасыз етуге мүдделі. Жоспарлы мұнай өндіру 90,5 млн тонна болса, былтыр оның 56,6 млн тоннасы Каспий құбыры арқылы тасымалданған. Теңіз және Қашаған кен орындарында өндіру көлемі артады. «Демек Каспий құбыр консорциумын одан әрі кеңейту маңызды», - дейді министр.