Шымкентте бөлшек салық мөлшерлемесі төмендеді

Шымкентте бөлшек салық мөлшерлемесі 2 процентке дейін төмендеді.

Яғни шағын және орта бизнес өкілдерінің өтініші ескерілді. Пандемиядан кейін көбінің кәсібі тұралап қалған еді. Бұл мәселе бойынша жұмыс тобы құрылып, сараптама да жүргізілді. Президент те тапсырма берді. Енді жергілікті атқарушы орган салық мөлшерлемесін өздері бекіте алады. Қалада бизнестің жартысына жеңілдетілген тариф енгізу жоспары бар. Бұл жеңілдікті жылдық ақша айналымы 600 мың айлық есептік көрсеткіштен немесе екі миллиард теңгеден аспайтын кәсіпкерлер пайдалана алады. Ол үшін қосылған құн салығы бойынша есепке тұрудың қажеті жоқ. Және кәсіпорын жұмысшыларының саны екі жүзден аспауға тиіс.

Майя Исаева, Қалалық кәсіпкерлер палатасы басшысының орынбасары:

- Бұл бастама шағын және орта кәсіпкерліктің дамуына жол ашады. Салықтық жүктемені азайту жаңа жұмыс орындарын ашуға, кеңеюге мүмкіндік береді. Бұл өңір экономикасының дамуына да зор серпін әкеледі.