Қазақ-өзбек ынтымақтастығы арта түседі
Қазақстан мен Өзбекстан байланысы беки түседі.
Бүгін Мәжіліс қос елдің ынтымақтастығын нығайтуға арналған заң жобасын қабылдады. Бұл екі мемлекеттің тәуелсіздігі мен аумақтық тұтастығын және тұрақты экономикалық дамуын одан әрі арттыруға жәрдемдеседі. Құжатта тараптардың ортақ мүдделеріне байланысты барынша маңызды мәселелер қарастырылған. Құжат аясында екі мемлекеттің парламенттері, саяси партиялары мен қоғамдық ұйымдары арасындағы байланыстарды одан әрі нығайтуға міндетті. Сонымен қатар елдер арасындағы алыс-беріс, инвестициялық қызмет те арта түседі.