Қызылордада пияз 3 есе арзандады
Базар мен дүкендерде келісі 80 теңгеден басталады, деп хабарлайды 24KZ.
Ал азық-түлікті тұрақтандыру қорының әлеуметтік сауда нүктелерінде 30 теңгеден сатылып жатыр. Себебі қазан айынан бері қоймада сақталған пияз күн күрт жылыған кезде бұзылып кетуі мүмкін. Былтыр 120 тонна көкөніс жарамсыз болып, қоқысқа тасталды. Қазір тұрақтандыру қорында 400 тоннаға жуық пияз қалған.
Мейрамбек Серікбай, тұрақтандыру қорының басқарма басшысы:
- Аудандар өзінің жол көліктерінің шығынын есептегенде 45-50 теңгеге барып қалуы мүмкін. Ал қала бойынша барлық нүктесінде, сауда үйлерінде, базарларда 30 теңгеден өзімізге тиісті әлеуметтік магазиндер арқылы сатып жатырмыз. Күніне осы тұрақтандыру қорының өзінен 3 тоннаға дейін жуа шығады.