Қытай Қазақстанмен шекарадағы автомобиль өткізу бекеттерін бір күнге жабады
Қытаймен шекарадағы автомобиль өткізу пункттері 10 маусымда жұмыс істемейді, деп хабарлайды 24kz.
Бұл елдегі «Айдаhар-қайықтары» мерекесіне байланысты қазақ-қытай шекарасында көлік құралдары мен жүктерді өткізу тоқтатылады. Ал, теміржол өткізу пункттері штаттық режимде жұмысын жалғастырады.
«Тасымалдаушылардан және шекарадан өтуге ниет білдірушілерді енгізілген шектеулерді ескере отырып, өз бағыттарын алдын ала жоспарлауды сұраймыз», - делінген Мемлекеттік кірістер комитетінің хабарламасында.