Қазақстаннан Қытайға былтыр 17 млн тонна тауар жіберілген

Қазақ-қытай арасындағы сауда-экономикалық байланыс жылдан жылға артып келеді.

Мәселен, былтыр қос мемлекет арасындағы теміржол арқылы жүк тасымалының көлемі 28 млн тоннадан асты. Алдыңғы жылмен салыстырғанда 22 пайызға ұлғайған. Қытайдан 11 млн тонна шамасында жүк жіберілсе, Қазақстаннан 17 млн тонна тауар жөнелтілген. 

Теміржол арқылы жүк тасымалдау 

Жүк - 28,3 млн тонна

Өсім - 22%

Қазақстанға - 10,8 млн тонна

Қытайға - 17,5 млн тонна  

Ауыл шаруашылығы саласында да Аспан асты елімен қарым-қатынас нығайды. Жауапты ведомствоның мәліметіне сай, былтыр екі ел арасындағы ауылшаруашылық тауар айналымы 1,3 млрд долларға жуықтады. Яғни, өнім көлемі 40 пайызға дейін ұлғайған. Соның ішінде экспорт 14 млрд доллар болса, қалғаны импортқа тиесілі. Қазіргі таңда 1700-ден астам отандық тауарөндіруші Қытайға өз өнімдерін сатуға мүмкіндік алып отыр.

Графика:

Ауыл шаруашылығы саласының әлеуеті

Тауар айналымы - $1,29 млрд

Өсім - 40%

Экспорт - $1 млрд

Импорт - $290 млн

1718 тауар өндіруші